"Қорыққаннан ешкімге хабарласпадым": Шерзат Полат сотында екінші куәгер қыз жауап берді

© Sputnik/Айдана Дайырова"Қорыққаннан ешкімге хабарласпадым": Шерзат Полат сотында екінші куәгер қыз жауап берді
Қорыққаннан ешкімге хабарласпадым: Шерзат Полат сотында екінші куәгер қыз жауап берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Жазылу
Куәгердің айтуынша сотталушы Шынасыл төбелестен кейін пышағын жуған
АЛМАТЫ, 28 сәуір - Sputnik. Шерзат Полат қайтыс болған күні оқиға орнында болған куәгер екінші қыз Дана Жақсыкелдіден жауап алынды. Ол сол күнгі оқиғаны жіпке тізіп айтып берді.
"Жедел -жәрдем, полицияға хабарласу туралы ойламадым. Мылтықтан оқ атылғанын бірінші рет көргендіктен, өз өмірім үшін қорқып машинада отырып қалдым. Негізі төбелес қалай болғанын білмеймін, сақалды адамның бізге қаратып мылтық атқаннан кейін төбелес басталды", - дейді Дана Жақсыкелді.
Куәгердің айтуынша сотталушы Шынасыл төбелестен кейін пышағын жуған.
"777" дүкенінен диззи сусынын сатып алды. Шынасыл су құйып жіберші деді. Мен су құйып жатқанда пышақты жуды. Жолдан бір жерге тоқтап Шыңғыс деген бала машинадан мылтық пен пышақты алып түседі. Олар 5 минуттан соң қайтып келді, бірақ қолдарында ешнәрсе болмады", - дейді куәгер.
Дана Жақсыкелді де дүкен жанындағыларға қаратып оқ атқан Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев екенін айтты. Ол оны тергеу кезінде беттестіргенде таныған.
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Шерзат ісі: куәгер 100-ге жуық адам жауап алғанын айтты
Жаңалықтар
0