Қызылорда облысында ұшақ жоғалып кетті

8 сағаттық іздеу жұмыстары сәтті аяқталды
Sputnik
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Кеше ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында "Таң-Құмкөл" бағытындағы ұшақ мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түскен.
ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, АН-2 ұшағының бортында 3 адам болған.
Алайда олардың қайда екені белгісіз болып, ұшақ бортымен байланыс болмаған.
"Жедел іздестіруге ТЖМ барлық күші мен құралы тартылды. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Үйлесімді іс-қимылдардың арқасында 8 сағаттан кейін түнде жоғалғандар айдаладан табылды. Олар Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Табылған азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Қазақстанға тағы бір мемлекеттен тікелей әуе рейсі ашылады