Қызылорда облысында ұшақ жоғалып кетті

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаТЖМ оқу-жаттығулары
ТЖМ оқу-жаттығулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2025
Жазылу
8 сағаттық іздеу жұмыстары сәтті аяқталды
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Кеше ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында "Таң-Құмкөл" бағытындағы ұшақ мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түскен.
ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, АН-2 ұшағының бортында 3 адам болған.
Алайда олардың қайда екені белгісіз болып, ұшақ бортымен байланыс болмаған.
"Жедел іздестіруге ТЖМ барлық күші мен құралы тартылды. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Үйлесімді іс-қимылдардың арқасында 8 сағаттан кейін түнде жоғалғандар айдаладан табылды. Олар Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Табылған азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Самолет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Қазақстанға тағы бір мемлекеттен тікелей әуе рейсі ашылады
Жаңалықтар
0