Қазақстанға тағы бір мемлекеттен тікелей әуе рейсі ашылады

Самолет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жазылу
"Royal Jordanian" әуе компаниясы 2026 жылдың маусымынан бастап Қазақстанға тікелей рейстерді орындауды жоспарлап отыр
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Келесі жылдан бастап Қазақстан мен Иордания арасында тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ақпан айында Иордания Хашимит Корольдігіне жасаған сапары кезінде Иордания тарапы Қазақстанға тікелей рейс ашуға ниет білдірген. Осы жолы көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иорданияның Қазақстандағы елшісі Хамза Әл-Омари мырзамен кездесіп, екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін талқылады.
"Хамза Әл-Омари мырза "Royal Jordanian" әуе компаниясының 2026 жылдың маусымынан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Қазақстанға тікелей рейстерді орындау жоспары туралы хабарлады. Ал Қазақстан тарапы қолданыстағы келісімдер аясында әуе рейстерін ашуға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, осы айдан бастап Қазақстаннан он елге ұшуға мүмкіндік беретін жаңа әуе маршруттары іске қосылады.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Биыл Қазақстаннан 10 елге әуе рейстері іске қосылады
Жаңалықтар
0