Биыл Қазақстаннан 10 елге әуе рейстері іске қосылады

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaAir Astana ұшағы
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Жазылу
"Астана – Баку" (Әзербайжан) бағыты бойынша рейстердің жиілігін аптасына 3-тен 4 ретке дейін ұлғаяды
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Биылғы мамырдан бастап Қазақстаннан он елге ұшуға мүмкіндік беретін жаңа әуе маршруттары іске қосылады, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Бұл мемлекеттердің қатарында Мажарстан, Германия, Түркия, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Корея және Вьетнам бар.
"SCAT" әуе компаниясы мамыр айында Шымкент қаласының әуежайынан төмендегідей жаңа әуе маршруттарды ашуды жоспарлап отыр.
27 мамырдан бастап:
Шымкент – Будапешт (Мажарстан), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Мюнхен (Германия), аптасына 3 рейс.
29 мамырдан бастап:
Шымкент – Шанхай (Қытай), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Сеул (Корея), аптасына 2 рейс;
Сондай-ақ "Air Astana" әуе компаниясы бірқатар жаңа халықаралық авиамаршруттарды іске қосуды жоспарлап отыр.
14 мамырдан бастап:
- Астана – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс.
27 мамырдан бастап:
- Атырау – Тбилиси (Грузия), аптасына 3 рейс.
28 мамырдан бастап:
- Алматы – Ош (Қырғызстан), аптасына 4 рейс.
31 мамырдан бастап:
- Атырау – Баку (Әзербайжан), аптасына 3 рейс.
"Fly Arystan" әуе компаниясы:
18 мамырдан бастап:
- Алматы – Құлжа (Қытай), аптасына 2 рейс.
28 мамырдан бастап:
- Астана-Газипаша (Түркия), аптасына 2 рейс.
Өзбекстандық "My Freighter" (Centrum Air) әуе компаниясы биылғы жылдың 5 мамырынан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Ташкент (Өзбекстан) бағытын іске қосты.
Сондай-ақ осы жылдың 13 мамырынан бастап "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясы "Астана – Баку" (Әзербайжан) бағыты бойынша рейстердің жиілігін аптасына 3-тен 4 ретке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Air Arabia  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Қазақстанға жаңа әуе компаниясы келеді – алғашқы рейс Алматыдан жасалады
Жаңалықтар
0