АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков блогерлер төлеген салық бойынша соңғы есепті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті 850 блогерге ескерту хатын жіберген болатын.
"Олардың ішінде шамамен 360 блогер өз еркімен табыстарын 10,5 млрд теңгеге растады. Бүгінде блогерлер төлеген салықтың жалпы көлемі 256 млрд теңгені құрайды", - деді Темірбеков мәжілісте өткен брифингте.
Айта кетері, жыл басында салықшылар жүздеген жеке тұлғаның декларациясында табысты төмендетіп көрсеткенін анықтады. Олардың ішінде блогерлер де бар. Барлығына ескерту жіберілген болатын.
Ал қаржы мониторингі агенттігі салықтық қарызы бар блогерлер қандай жағдайда қылмыстық жазаға тартылатынын түсіндірген еді.