Семейде жол ортасында автокөлік аударылып қалды

ВАЗ 11193 маркалы автокөлігінің жүргізушісі басты жолмен келе жатқан AUDI A4 маркалы көлікке жол бермеген
Sputnik
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Семейде жол қиылысында автокөлік аударылып қалды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті.
Алдын ала мәлімет бойынша 34 жастағы жүргізуші ВАЗ 11193 маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Гёте және Найманбаев көшелерінің қиылысында екінші дәрежелі көшеден басты көшеге шығар кезде, басты жолмен келе жатқан AUDI A4 маркалы көлікке жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысып, ВАЗ автокөлігі аударылған.
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қарағандыда жолдан жүгіріп өтпек болған қызды көлік қағып кетті