Семейде жол ортасында автокөлік аударылып қалды

© Photo : Абай облысының полиция департаментіСемейде жол ортасында автокөлік аударылып қалды
Семейде жол ортасында автокөлік аударылып қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жазылу
ВАЗ 11193 маркалы автокөлігінің жүргізушісі басты жолмен келе жатқан AUDI A4 маркалы көлікке жол бермеген
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Семейде жол қиылысында автокөлік аударылып қалды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті.
Алдын ала мәлімет бойынша 34 жастағы жүргізуші ВАЗ 11193 маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, Гёте және Найманбаев көшелерінің қиылысында екінші дәрежелі көшеден басты көшеге шығар кезде, басты жолмен келе жатқан AUDI A4 маркалы көлікке жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысып, ВАЗ автокөлігі аударылған.
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Полицейский на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
Қарағандыда жолдан жүгіріп өтпек болған қызды көлік қағып кетті
Жаңалықтар
0