Қарағандыда жолдан жүгіріп өтпек болған қызды көлік қағып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейский на дороге
Полицейский на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
Жазылу
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Қарағанды қаласында 9 жасар қызды жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 1 мамырда Морозов көшесінде болған, оқыс жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
"Toyota көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жолға жүгіріп шыққан 9 жасар қызды қағып кетті", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті.
Жол апатынан жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді.
Полиция сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Архивное фото обуви на железнодорожных рельсах - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2025
Қостанай облысында пойыз тракторды қағып өтті: бір адам көз жұмды
Жаңалықтар
0