Қостанай облысында пойыз тракторды қағып өтті: бір адам көз жұмды

© Sputnik / Алексей ФилипповАрхивное фото обуви на железнодорожных рельсах
Архивное фото обуви на железнодорожных рельсах - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2025
Жазылу
Машинист шұғыл тежеуді қолданды, бірақ апаттың алдын алу мүмкін болмады
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Есіл-Арқалық учаскесінің реттелетін теміржол өткелінде жол апаты болды – пойыз трактормен соқтысты Sputnik Қазақстан ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2025 жылғы 27 сәуірде сағат 08:55-те болған.
"Тұрақты жұмыс істеп тұрған өткелдегі белгі беруге қарамастан, трактор жүргізушісі жүріп келе жатқан пойыз алдына шығып кетіп, жол ережесін өрескел бұзды. Машинист шұғыл тежеуді қолданды, бірақ апаттың алдын алу мүмкін болмады", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі көз жұмды.
ҚТЖ автокөлік жүргізушілерін теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтауға, өткелдегі дабыл сигналдарына назар аударуға және ережені елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін есте сақтауға шақырды.
Темір жол өткелінде ереже бұзғандар үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Темір жол өткелінде ереже бұзғандар үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін
Жаңалықтар
0