https://sputnik.kz/20250303/temir-zhol-otkelinde-erezhe-buzgandar-ushin-zhauapkershilik-qatandatyluy-mumkin-51311789.html
Темір жол өткелінде ереже бұзғандар үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін
Темір жол өткелінде ереже бұзғандар үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Елде темір жол өткелдерінде жүру ережелерін бұзғандар үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК"... 03.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-03T13:51+0500
2025-03-03T13:51+0500
2025-03-03T13:51+0500
пойыз
https://sputnik.kz/img/07e9/03/03/51311627_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_1446db9d40ca4c5535ed7219a2669d5a.jpg.webp
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Елде темір жол өткелдерінде жүру ережелерін бұзғандар үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.ҚТЖ теміржол өткелдерінен жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту шараларын қатаңдату туралы өтініш білдіруді жоспарлап отыр. Бұл бастама теміржол қауіпсіздігін арттыруға және жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.2024 жылы теміржол өткелдерінде 26 жол апаты тіркелді.Ұлттық компания жауапкершілікті қатаңдату төтенше оқиғалардың санын азайтуға және жол қозғалысына қатысушылардың барлығының жауапкершілігін арттыруға көмектесетініне сенімді.
https://sputnik.kz/20250301/poyyz-ben-zhuk-koligi-soqtygysty--zardap-shekkender-bar-51251327.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/03/51311627_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_0d506d983761f1b8f740ac1519542a49.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз
Темір жол өткелінде ереже бұзғандар үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Елде темір жол өткелдерінде жүру ережелерін бұзғандар үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін. Бұл туралы
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
ҚТЖ теміржол өткелдерінен жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту шараларын қатаңдату туралы өтініш білдіруді жоспарлап отыр. Бұл бастама теміржол қауіпсіздігін арттыруға және жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.
"2025 жылдың қаңтар-ақпанында теміржол өткелдерінде автокөлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 4 жол апаты тіркелді, бұл жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қауіп төндірді. 1 наурызда Тендік станциясының теміржол өткелінде жүк көлігі жүргізушінің кінәсінен жүк пойызымен соқтығысты. Апат салдарынан локомотив бригадасының қызметкерлері зардап шекті, ал локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кетті", - деп жазылған хабарламада.
2024 жылы теміржол өткелдерінде 26 жол апаты тіркелді.
Ұлттық компания жауапкершілікті қатаңдату төтенше оқиғалардың санын азайтуға және жол қозғалысына қатысушылардың барлығының жауапкершілігін арттыруға көмектесетініне сенімді.