Атырау облысында пойыз бен жүк көлігі соқтығысты – зардап шеккендер бар

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Грузовой поезд столкнулись с грузовым автомобилем
Грузовой поезд столкнулись с грузовым автомобилем - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2025
Жазылу
Апат салдарынан локомотив пен 11 вагон рельстен шығып кетті
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Атырау облысында жүк пойызы теміржол өткелінде КамАЗ-бен соқтығысты. Салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты бүгін сағат 0:20-да Тендік станциясының теміржол өткелінде болған. КамАЗ жүргізушісі теміржол өткелінде тұрып қалған. Локомотив тоқтай алмай, көлікті бірнеше метрге сүйреп әкетті.
"Апат салдарынан локомотив бригадасының қызметкерлері зардап шекті. Локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кетті", - делінген ресми хабарламада.
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 28 апат болды. Осыған байланысты компания теміржол өткелдерінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.
Бейнеу-Құлсары учаскесінің өткелінде пойыз жүк көлігін қағып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2024
Бейнеу-Құлсары учаскесінде пойыз жүк көлігін қағып кетті
Жаңалықтар
0