Жеңістің 80 жылдығы

Түркістан облысында 101 жасқа толған соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Ордабасы ауданында тұратын мйдангер Қалмен Мұратовты өңір әкімі мен жергілікті тұғындар құттықтап барды
Sputnik
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовты өңір әкімі Нұралхан Көшеров мерекемен құттықтап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хаты мен "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" бірыңғай мерекелік медалін табыстады, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қалмен Мұратов 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Калинин облысындағы шайқастарға, Беларусь майданының құрамында ұрыстарға қатысқан. Майдангер "Құрмет белгісі", "І дәрежелі Отан соғысы" ордендерімен, "1941-1945 жылдардағы ҰОС Германияны жеңгені үшін", "Еңбек ардагері" және де басқа да көптеген мерейтойлық мадельдармен марапатталған.
Түркістан облысында соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Соғыстан кейін 1947 жылы Бөржар ауылында "Сталин" колхозының бригадирі болып, 1973 жылдан бастап теміржолда жұмыс істеген.
Ол "Коммунистік еңбектің екпіндісі", "Оныншы бесжылдықтың соққысы", "Социалистік жарыстың жеңімпазы" болды.
Түркістан облысында 101 жасқа толған соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Қазіргі таңда ардагер 6 ұл мен 2 қыздан 31 немере мен 34 шөбере сүйіп отыр. ️
"101 жастағы соғыс майдангерімен әңгімелесу барысында әкім ұрпаққа бақытты әрі бейбіт өмір сыйлағаны, ардагердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтын айтты. Ардагерге денсаулық тілеп, сый-сыяпат жасады", - делінген хабарламада.
Майдангерге Жеңістің 80 жылдығына орай облыс атынан ҰОС ардагерлеріне 5 млн. теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетілді.
Жеңістің 80 жылдығы
"Анам пойыз артынан ілесе жүгіріп жылады": алматылық ардагер соғысты еске алды