https://sputnik.kz/20250508/turkistan-oblysynda-101-zhasqa-tolgan-sogys-ardagerine-qurmet-korsetildi-53309524.html
Түркістан облысында 101 жасқа толған соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Түркістан облысында 101 жасқа толған соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Ордабасы ауданында тұратын мйдангер Қалмен Мұратовты өңір әкімі мен жергілікті тұғындар құттықтап барды 08.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-08T12:29+0500
2025-05-08T12:29+0500
2025-05-08T12:29+0500
жеңістің 80 жылдығы
түркістан облысы
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53310972_0:109:1281:829_1920x0_80_0_0_573ff4b370108cda82c5b111db26a83e.jpg
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовты өңір әкімі Нұралхан Көшеров мерекемен құттықтап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хаты мен "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" бірыңғай мерекелік медалін табыстады, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі. Қалмен Мұратов 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Калинин облысындағы шайқастарға, Беларусь майданының құрамында ұрыстарға қатысқан. Майдангер "Құрмет белгісі", "І дәрежелі Отан соғысы" ордендерімен, "1941-1945 жылдардағы ҰОС Германияны жеңгені үшін", "Еңбек ардагері" және де басқа да көптеген мерейтойлық мадельдармен марапатталған. Соғыстан кейін 1947 жылы Бөржар ауылында "Сталин" колхозының бригадирі болып, 1973 жылдан бастап теміржолда жұмыс істеген. Ол "Коммунистік еңбектің екпіндісі", "Оныншы бесжылдықтың соққысы", "Социалистік жарыстың жеңімпазы" болды. Қазіргі таңда ардагер 6 ұл мен 2 қыздан 31 немере мен 34 шөбере сүйіп отыр. ️Майдангерге Жеңістің 80 жылдығына орай облыс атынан ҰОС ардагерлеріне 5 млн. теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетілді.
https://sputnik.kz/20250501/anam-poyyz-artynan-ilese-zhugirip-zhylady-almatylyq-ardager-sogysty-eske-aldy--53063814.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53310972_15:0:1264:937_1920x0_80_0_0_2deb8c2e37d72974abff130d4c7923a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, соғыс ардагері
түркістан облысы, соғыс ардагері
Түркістан облысында 101 жасқа толған соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Ордабасы ауданында тұратын мйдангер Қалмен Мұратовты өңір әкімі мен жергілікті тұғындар құттықтап барды
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовты өңір әкімі Нұралхан Көшеров мерекемен құттықтап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хаты мен "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" бірыңғай мерекелік медалін табыстады, деп
хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қалмен Мұратов 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Калинин облысындағы шайқастарға, Беларусь майданының құрамында ұрыстарға қатысқан. Майдангер "Құрмет белгісі", "І дәрежелі Отан соғысы" ордендерімен, "1941-1945 жылдардағы ҰОС Германияны жеңгені үшін", "Еңбек ардагері" және де басқа да көптеген мерейтойлық мадельдармен марапатталған.
Соғыстан кейін 1947 жылы Бөржар ауылында "Сталин" колхозының бригадирі болып, 1973 жылдан бастап теміржолда жұмыс істеген.
Ол "Коммунистік еңбектің екпіндісі", "Оныншы бесжылдықтың соққысы", "Социалистік жарыстың жеңімпазы" болды.
Қазіргі таңда ардагер 6 ұл мен 2 қыздан 31 немере мен 34 шөбере сүйіп отыр. ️
"101 жастағы соғыс майдангерімен әңгімелесу барысында әкім ұрпаққа бақытты әрі бейбіт өмір сыйлағаны, ардагердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтын айтты. Ардагерге денсаулық тілеп, сый-сыяпат жасады", - делінген хабарламада.
Майдангерге Жеңістің 80 жылдығына орай облыс атынан ҰОС ардагерлеріне 5 млн. теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетілді.