"Анам пойыз артынан ілесе жүгіріп жылады": алматылық ардагер соғысты еске алды
16:50 01.05.2025 (жаңартылды: 17:36 01.05.2025)
© Photo : Пресс-служба Алматинского гарнизонаАлматыда әскери қызметшілер 102 жасқа толған майдангерді құттықтады

© Photo : Пресс-служба Алматинского гарнизона
Жазылу
Алматыда әскери қызметшілер 102 жасқа толған Тәңірберген Толғанбаевты құттықтады
АСТАНА, 1 мамыр - Sputnik. Жеңіс күні қарсаңында Алматы облысы Іле ауданы және Алатау қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери қызметшілері мен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысы ардагері Тәңірберген Толғанбаевты 102 жасқа толған күнімен құттықтады.
© Photo : Пресс-служба Алматинского гарнизонаАлматыда әскери қызметшілер 102 жасқа толған майдангерді құттықтады

Алматыда әскери қызметшілер 102 жасқа толған майдангерді құттықтады
© Photo : Пресс-служба Алматинского гарнизона
Тәңірберген Толғанбаев 1923 жылы 1 мамырда Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Киров колхозында дүниеге келген. 1942 жылы мамырда 19 жасар жігітті Ақсу аудандық әскери комитетімен кеңес әскерінің қатарына шақырады.
"1942 жылы бізді Лепсіге жинады. Пойызға қайтсең де кешікпеу керек, кешіксең трибунал күтіп тұр. Анам мені ертіп барды. Үлгеру үшін түні бойы түйемен жүріп отырдық. Пойыз қозғалған кезде анам артынан ілесе жылап жүгірді", - деп еске алды майдангер.
Соғыс ардагері әскери қызметін Кавказдағы шекарадан бастады. Оқу-жаттығу орталығында жас жауынгерді мерген мамандығына дайындайды. Алда Сталинград маңындағы қанды шайқастар болды. Кавказдағы даярлық - майдангердің ерік-жігерін қайрап, жауынгерлік машығы шыңдалған нағыз өмір мектебіне айналды.
© Photo : Пресс-служба Алматинского гарнизонаАлматыда әскери қызметшілер 102 жасқа толған майдангерді құттықтады

Алматыда әскери қызметшілер 102 жасқа толған майдангерді құттықтады
© Photo : Пресс-служба Алматинского гарнизона
Ол 1949 жылы елге оралды. Алдымен соттың хатшысы, содан кейін кіші лейтенант шенімен жедел уәкіл болды. Сталинабад милиция мектебін, кейін Киров атындағы ҚазМУ заң факультетін бітірген.
"Тәңірберген Толғанбаев он жыл Алматы облысының Жамбыл АІІБ басқарды. 1976 жылдан бастап Іле ауданының прокуратурасында жұмыс істеп, онда ол азаматтардың құқықтарын заң жүзінде әрі әділ қорғаушы ретінде құрметке ие болды. Кейінгі жылдары Бұрындай қант зауытында заң кеңесшісі болып жұмыс істеді", - делінген хабарламада.
Ерлігі мен мінсіз қызметі үшін майдангер "Кавказды қорғағаны үшін", Жуков медальдарымен, басқа да мерейтойлық наградалармен және ерекше белгілермен марапатталды. Тәңірберген Толғанбаев – Іле ауданының Құрметті азаматы.
Майдангер көп жыл ұстаздық еткен жұбайы – Дәмелі Әлпейісовамен бірге алты бала тәрбиелеп өсірді. Олардан 12 немере, 16 шөбере және бір шөпшек сүйіп отыр.