https://sputnik.kz/20250428/zherleyin-dep-zhatqanda-kozimdi-ashtym-almatyda-sogys-ardageri-102-zhasqa-toldy--52946189.html
Жерлейін деп жатқанда көзін ашқан: Алматыда соғыс ардагері 102 жасқа толды
Жерлейін деп жатқанда көзін ашқан: Алматыда соғыс ардагері 102 жасқа толды
Sputnik Қазақстан
Майдангерді туған күнімен әскери қызметшілер құттықтады 28.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-28T17:15+0500
2025-04-28T17:15+0500
2025-04-28T17:20+0500
жеңістің 80 жылдығы
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1c/52946766_0:90:962:631_1920x0_80_0_0_4052c51229a1a34ce8e95dfa403cbb67.jpg
АСТАНА, 28 сәуір - Sputnik. Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Түрксіб аудандық басқармасының шекара қызметі департаментінің өкілдері және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері 102 жасқа толған қарияны туған күнімен құттықтап барды. Николай Таратунин 1923 жылы Ярославль облысының Починки ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың қарашасында екі үлкен ағасы сияқты өз еркімен майданға аттанады. Шымырлығының арқасында барлау қызметіне қабылданды.Николай Александрович бірнеше рет жарақаттанған. Ол 1943 жылы Донды күшейту кезінде ауыр жарақат алады. Жиырма жастағы сарбазды бәрі қаза тапты деп ойлаған. Түнімен дымқыл жертөледе жатып, таңертең жерлейін деп жатқанда жауынгер көзін ашады. Мұны көрген дәрігер: "Ұзақ жасайды екенсің, балам! Мен сені емдеп, аяққа тұрғызамын" дейді.Соғыстан кейін Николай Таратунин Алматыдағы жаяу әскер училищесін бітіріп, шекара әскерлерінде қызметін жалғастырды. Түркия, Иран, Қытай және Жапониямен шекарада қызмет еткен.Иван Николаевич – І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз және "Құрмет" орденінің иегері.Бүгінде майдангер ұлымен бірге тұрады. Оның үш немересі мен шөбересі бар. Жыл сайын 9 мамырда бұл отбасы ардагерді жеңіс күнімен құттықтау үшін бас қосады.
https://sputnik.kz/20250425/temirtaudagy-zhalgyz-sogys-ardageri-98-zhasqa-keldi-52853715.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1c/52946766_2:0:962:720_1920x0_80_0_0_f2f5da74b1e4b4d563b1efefc32c7953.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
соғыс ардагері
Жерлейін деп жатқанда көзін ашқан: Алматыда соғыс ардагері 102 жасқа толды
17:15 28.04.2025 (жаңартылды: 17:20 28.04.2025) Майдангерді туған күнімен әскери қызметшілер құттықтады
АСТАНА, 28 сәуір - Sputnik. Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Түрксіб аудандық басқармасының шекара қызметі департаментінің өкілдері және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері 102 жасқа толған қарияны туған күнімен құттықтап барды.
Николай Таратунин 1923 жылы Ярославль облысының Починки ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың қарашасында екі үлкен ағасы сияқты өз еркімен майданға аттанады. Шымырлығының арқасында барлау қызметіне қабылданды.
"Барлауда жүріп ол бірнеше рет жау тылында тапсырмаларды орындап, құнды мәліметтер жеткізді. Кейде офицерлерді де тұтқынға түсіріп жүрді. Осындай рейдтердің бірінде немістің азық-түлік тиелген жүк көлігін басып алады, жан-жақтан оқ жауып жатқанына қарамастан, батыл барлаушы көлікті айдап бөлімге кіргізеді", - делінген хабарламада.
Николай Александрович бірнеше рет жарақаттанған. Ол 1943 жылы Донды күшейту кезінде ауыр жарақат алады. Жиырма жастағы сарбазды бәрі қаза тапты деп ойлаған. Түнімен дымқыл жертөледе жатып, таңертең жерлейін деп жатқанда жауынгер көзін ашады. Мұны көрген дәрігер: "Ұзақ жасайды екенсің, балам! Мен сені емдеп, аяққа тұрғызамын" дейді.
Соғыстан кейін Николай Таратунин Алматыдағы жаяу әскер училищесін бітіріп, шекара әскерлерінде қызметін жалғастырды. Түркия, Иран, Қытай және Жапониямен шекарада қызмет еткен.
Иван Николаевич – І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз және "Құрмет" орденінің иегері.
Бүгінде майдангер ұлымен бірге тұрады. Оның үш немересі мен шөбересі бар. Жыл сайын 9 мамырда бұл отбасы ардагерді жеңіс күнімен құттықтау үшін бас қосады.