Тоқаев Ақордада Вьетнам басшысын қарсы алды

Екі елдің басшысы алдымен бір-біріне өз делегацияларын таныстырды
Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Екі елдің басшысы алдымен бір-біріне өз делегацияларын таныстырды. Ал құрметті қарауыл сап түзегеннен кейін Қазақстан мен Вьетнамның әнұрандары шырқалды.
Ақордада алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Одан кейін бірқатар құжаттарға қол қойылады.
Тоқаев Ақордада Вьетнам басшысын қарсы алды
То Лам Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Онымен бірге жұбайы Нго Фыонг Ли де жүр. Күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев оларды елорда әуежайында өзі қарсы алған болатын.
Вьетнамдық компания Қазақстанда әуежай сатып алады