https://sputnik.kz/20250505/toqaev-vetnam-basshysy-auezhayda-qarsy-aldy-53195537.html
Тоқаев Вьетнам басшысын әуежайда қарсы алды
Тоқаев Вьетнам басшысын әуежайда қарсы алды
Sputnik Қазақстан
Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді 05.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-05T18:56+0500
2025-05-05T18:56+0500
2025-05-05T18:59+0500
қасым-жомарт тоқаев
әуежай
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53195218_0:48:1280:768_1920x0_80_0_0_205f5771a5a659efb984f68b32859b98.jpg
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламды қарсы алды, деп хабарлады Ақорда.Қазақстан мен Вьетнам басшылары елорда әуежайында аз-кем әңгімелесті.Ал Вьетнам басшысы президентке және Қазақстан халқына шынайы ризашылығын білдірді."Ұшақ трапынан қарсы алғаныңыз – біз үшін зор мәртебе. Бұл асқан қонақжайлылықтың және бізге көрсетілген құрметтің белгісі. Қазақстан мен Вьетнамды тамыры терең достық қарым-қатынас байланыстырады", - деп атап өтті То Лам.Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53195218_97:0:1185:816_1920x0_80_0_0_c0e505e1afd82cd998d69816ef347438.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, әуежай
қасым-жомарт тоқаев, әуежай
Тоқаев Вьетнам басшысын әуежайда қарсы алды
18:56 05.05.2025 (жаңартылды: 18:59 05.05.2025) Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламды қарсы алды, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан мен Вьетнам басшылары елорда әуежайында аз-кем әңгімелесті.
"Сіздің сапарыңыздың тарихи маңызы зор және Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ықпалдастықты кең ауқымда дамытуға тың серпін береді деп санаймын. Сіздің еліңізге жасаған сапардан үлкен әсермен оралдым. Вьетнаммен түрлі бағыттағы байланысты жан-жақты нығайту тұрғысынан жұмысты жалғастыру қажет деген ойға келдім. Екі ел ынтымақтастығының әлеуеті мол", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал Вьетнам басшысы президентке және Қазақстан халқына шынайы ризашылығын білдірді.
"Ұшақ трапынан қарсы алғаныңыз – біз үшін зор мәртебе. Бұл асқан қонақжайлылықтың және бізге көрсетілген құрметтің белгісі. Қазақстан мен Вьетнамды тамыры терең достық қарым-қатынас байланыстырады", - деп атап өтті То Лам.
Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.