Вьетнамдық компания Қазақстанда әуежай сатып алады

© Photo : акимат Абайской областиАбай облысындағы әуежай
Абай облысындағы әуежай - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
Жазылу
Бұған дейін вьетнамдық компания "Qazaq Air"-ды сатып алған болатын
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Вьетнамдық SOVICO Group компаниясы Қазақстанда әуежай сатып алуға мүдделі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін вьетнамдық компания "Qazaq Air"-ды сатып алған болатын. Жақында компания басшысы Қазақстанға да келіп кетті.

"Мен онымен кездестім. Олар әуежайды сатып алуды қарастырып жатыр, басқаруға аламыз дейді. Себебі әуе компаниясы үшін базалық әуежай керек", - деді Жұманғарин журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде нақты қай әуежай басқаруға берілетіні белгісіз. SOVICO Group-та үлкен халықаралық келісімшарттар бар. Компания қарқынды дамып жатыр.

"Олар әуе компаниясын кеңейтуге мүдделі. Сондықтан жақын арада Қазақстанда тағы бір ірі компания болады", - деді вице-премьер.

Касым-Жомарт Токаев встретил в аэропорту руководителя Вьетнама То Лама - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
Тоқаев Вьетнам басшысын әуежайда қарсы алды
Жаңалықтар
0