АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Қарағанды қаласында 9 жасар қызды жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 1 мамырда Морозов көшесінде болған, оқыс жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
"Toyota көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жолға жүгіріп шыққан 9 жасар қызды қағып кетті", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті.
Жол апатынан жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді.
Полиция сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.