Қазақстан Мароккоға 60 мың тонна астық жөнелтті

ҚТЖ тасымалдау өтінімдерін жедел өңдеп, логистиканы қамтамасыз етіп тұр
Sputnik
АЛМАТЫ, 30 сәуір - Sputnik. Жаңа-Есіл және Сарыкөл станцияларынан Марокко Корольдігіне қазақстандық астықтың бірінші партиясы жөнелтілді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі.
Астық тиелген 105 жүк вагоны Латвия аумағы арқылы өтеді. Лиепая портында астық теңіз кемелеріне тиеліп, Солтүстік Африка жағалауына жеткізіледі.
ҚТЖ тасымалдау өтінімдерін жедел өңдеп, логистиканы қамтамасыз етіп тұр.
Осы бағытта астық тиелген 17 теміржол құрамын жөнелту жоспарланған. Астықтың жалпы салмағы 60 мың тонна.
Қазақстан шетелге қанша тонна астық экспорттады