Қазақстан Мароккоға 60 мың тонна астық жөнелтті

© АО "НК "Қазақстан темір жолы"Қазақстан Мароккоға 60 мың тонна астық жөнелтті
Қазақстан Мароккоға 60 мың тонна астық жөнелтті   - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2025
Жазылу
ҚТЖ тасымалдау өтінімдерін жедел өңдеп, логистиканы қамтамасыз етіп тұр
АЛМАТЫ, 30 сәуір - Sputnik. Жаңа-Есіл және Сарыкөл станцияларынан Марокко Корольдігіне қазақстандық астықтың бірінші партиясы жөнелтілді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі.
Астық тиелген 105 жүк вагоны Латвия аумағы арқылы өтеді. Лиепая портында астық теңіз кемелеріне тиеліп, Солтүстік Африка жағалауына жеткізіледі.
ҚТЖ тасымалдау өтінімдерін жедел өңдеп, логистиканы қамтамасыз етіп тұр.
Осы бағытта астық тиелген 17 теміржол құрамын жөнелту жоспарланған. Астықтың жалпы салмағы 60 мың тонна.
Сушка зерна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Қазақстан шетелге қанша тонна астық экспорттады
Жаңалықтар
0