Қазақстан шетелге қанша тонна астық экспорттады

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуСушка зерна, архивное фото
Сушка зерна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Жазылу
Қазақстан астықты негізінен Орталық Азияға экспорттайды
АЛМАТЫ, 16 cәуір – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мәліметінше, былтырғы қыркүйектен биылғы 13 сәуірге дейін 7 миллион тонна астық экспортталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,2%-ке көп, деп жазды ауыл шаруашылығы минстрлігі.
Қазақстан астықты негізінен Орталық Азияға экспорттайды. Астық жеткізу көлемі:
Өзбекстанға - 23,5%
Тәжікстанға - 33,7%
Ауғанстан - 26%
Қырғызстанға 49,7%-ке ұлғайды.
"Астық экспорты Иран мен Әзербайжан бағыттарына да артты. Иранға экспорт көлемі 15,2 есеге көбейіп, 825 мың тоннаға жетсе, Әзербайжанға — 99,4 есеге, яғни 5 мың тоннадан 497 мың тоннаға дейін өсті", - деп жазды ведомство.
Уборка урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2025
Қазақстан Нигерияға астық және майлы дақылдар экспорттайды
Жаңалықтар
0