СҚО-дағы су тасқыны: Тепличное ауылына мыңдаған адам мен жүздеген техника тартылды

Облыста су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуір күндері болады деген болжам бар
Sputnik
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында Тепличное ауылында қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстарына 1600 адам мен жүзден астам техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
СҚО-дағы су тасқыны: Тепличное ауылына мыңдаған адам мен жүздеген техника тартылды
Бұған дейін Тепличное ауылында тұратын 700 адам эвакуацияланған болатын. Себебі ауылға жақындаған судың көлемі азаяр емес. Ал Бескөл мен Петропавлда эвакуациялық бекеттер ашылды.
СҚО-дағы су тасқыны: Тепличное ауылына мыңдаған адам мен жүздеген техника тартылды

"Қызылжар ауданының Тепличное ауылында қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстары үшінші күн қатарынан тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Жұмыстар тәулік бойы атқарылуда. Әскерилер, құтқарушылар, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер аянбай еңбек етіп жатыр. Сонымен қатар, көмекке Ақмола, Қостанай облыстары мен Астанадан құтқарушылар келді", - дейді әкімдіктегілер.

Облыста су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуір күндері болады деген болжам бар.
Солтүстік Қазақстанда Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялау жүріп жатыр