СҚО-дағы су тасқыны: Тепличное ауылына мыңдаған адам мен жүздеген техника тартылды
© Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіСҚО-дағы су тасқыны: Тепличное ауылына мыңдаған адам мен жүздеген техника тартылды

© Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жазылу
Облыста су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуір күндері болады деген болжам бар
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында Тепличное ауылында қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстарына 1600 адам мен жүзден астам техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
© Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіСҚО-дағы су тасқыны: Тепличное ауылына мыңдаған адам мен жүздеген техника тартылды

СҚО-дағы су тасқыны: Тепличное ауылына мыңдаған адам мен жүздеген техника тартылды
© Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Тепличное ауылында тұратын 700 адам эвакуацияланған болатын. Себебі ауылға жақындаған судың көлемі азаяр емес. Ал Бескөл мен Петропавлда эвакуациялық бекеттер ашылды.
© Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіСҚО-дағы су тасқыны: Тепличное ауылына мыңдаған адам мен жүздеген техника тартылды

СҚО-дағы су тасқыны: Тепличное ауылына мыңдаған адам мен жүздеген техника тартылды
© Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Қызылжар ауданының Тепличное ауылында қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстары үшінші күн қатарынан тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Жұмыстар тәулік бойы атқарылуда. Әскерилер, құтқарушылар, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер аянбай еңбек етіп жатыр. Сонымен қатар, көмекке Ақмола, Қостанай облыстары мен Астанадан құтқарушылар келді", - дейді әкімдіктегілер.
Облыста су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуір күндері болады деген болжам бар.