Солтүстік Қазақстанда Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялау жүріп жатыр

© Photo : Департамент полиции СКО Солтүстік Қазақстанда Тепличное ауылы тұрғындарын эвакуациялау жүріп жатыр
Солтүстік Қазақстанда Тепличное ауылы тұрғындарын эвакуациялау жүріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Жазылу
Эвакуация 25 сәуір сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кызылжар ауданының Тепличное ауылында алдын ала эвакуация жүргізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды СҚО әкімдігі.
"Эвакуация 25 сәуір күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Көлікпен тасымалдауға мұқтаж тұрғындар үшін арнайы көлік және жедел жәрдем қызметтері ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.
Уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункттер алдын ала дайындалды. Олар Бескөл ауылындағы №2 орта мектеп пен Петропавлдағы Жұмабаев көшесі, 198 мекенжайындағы жатақхана.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да жедел қызметтер жұмыс істеуде.
СҚО әкімшілігі барша тұрғындарды сабыр сақтап, жедел қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтауға шақырады.
Тепличное ауылындағы бөгетті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының үшінші толқыны өтіп жатыр
Жаңалықтар
0