АСТАНА, 23 сәуір - Sputnik. Түркістан облысында заңсыз киік атқан азаматтарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Түркістан облысының төрт тұрғыны жоғалған жылқыларды іздеу үшін Ұлытау облысына баруға өзара келіседі. Олар өздерімен бірге аңшы мылтықтарын алып жолға шыққан. Жылқыларды таба алмаған олар, жолшыбай киік атқан. Браконьерлер сирек кездесетін және жойылу қаупі төнген 15 киікті атып өлтірілген.
"Олар аулаған жануарлардың мүйіздерін алып, етін көлікке тиеген. Жедел іздестіру шарасы барысында браконьерлерді "Охотзоопром" қызметкерлері ұстайды. Браконьерлер мемлекетке 143 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілді. Сот талқылауы барысында сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, келтірілген залалды толық көлемде өтеді", - делінген хабарламада.
Айыпталушылар заңсыз аулау арқылы мемлекетке ірі көлемде зиян келтірген, сондай-ақ киіктерді заңсыз жою және тасымалдау бойынша кінәлі деп танылды.
Олардың әрқайсысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, оларға 5 жыл мерзімге аңшылықпен айналысуға тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.