https://sputnik.kz/20250328/bul-tabigi-zhagday-ministrlik-kiik-olekselerine-qatysty-tusinikteme-berdi-52000502.html
"Бұл табиғи жағдай": министрлік киік өлекселеріне қатысты түсініктеме берді
"Бұл табиғи жағдай": министрлік киік өлекселеріне қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Биыл 5 мыңнан астам киіктің өлексесі жойылды 28.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-28T13:39+0500
2025-03-28T13:39+0500
2025-03-28T13:41+0500
министрлік
қарағанды
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_275:156:1043:588_1920x0_80_0_0_d365b1c820bc2f7307094af008d4cef6.jpg
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы киіктердің өлексесі бейнеленген видео тарады. Экология және табиғи ресурстар министрлігі осыған қатысты түсініктеме берді.Мамандардың айтуынша, бұл табиғи жағдай. Әр өңірдегі жедел штаб бекітілген алгоритммен өлекселерді жойып отырады."Алгоритм аясында ұшалар ветеринариялық заңнамаға сәйкес жойылады. Бұл жұмыстарға барлығы 150-ден астам адам, 51 техника жұмылдырылды. Биылғы жылдың басынан бастап 5,2 мыңнан астам өлексе жойылды", - дейді ведомстводағылар.Комиттетің мәліметінше, Қазақстанда шамамен 4,1 миллион киік бар. Кеңес Одағы тұсында олардың саны небәрі 1,2 миллион болған.
https://sputnik.kz/20241202/qyzylorda-oblysynda-bir-auyldan-2-mynnan-astam-kiik-muyizi-tarkilendi-48991205.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_245:97:895:585_1920x0_80_0_0_9f5ad59306a9aefad475344be58160a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, қарағанды
"Бұл табиғи жағдай": министрлік киік өлекселеріне қатысты түсініктеме берді
13:39 28.03.2025 (жаңартылды: 13:41 28.03.2025) Биыл 5 мыңнан астам киіктің өлексесі жойылды
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы киіктердің өлексесі бейнеленген видео тарады. Экология және табиғи ресурстар министрлігі осыған қатысты
түсініктеме берді.
"Мұндай жағдай басқа аймақтарда да тіркелген. Көбінесе Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының табиғи мекендеу орындарында табылды", - деп хабарлады министрліктің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегілер.
Мамандардың айтуынша, бұл табиғи жағдай. Әр өңірдегі жедел штаб бекітілген алгоритммен өлекселерді жойып отырады.
"Алгоритм аясында ұшалар ветеринариялық заңнамаға сәйкес жойылады. Бұл жұмыстарға барлығы 150-ден астам адам, 51 техника жұмылдырылды. Биылғы жылдың басынан бастап 5,2 мыңнан астам өлексе жойылды", - дейді ведомстводағылар.
Комиттетің мәліметінше, Қазақстанда шамамен 4,1 миллион киік бар. Кеңес Одағы тұсында олардың саны небәрі 1,2 миллион болған.