Қызылорда облысында бір ауылдан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді

© Photo : Погранслужба КНБ Республики КазахстанСайгачьи рога
Сайгачьи рога - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
Жазылу
Ауыл тұрғындары жойылып кету қаупі бар жануарлардың дериваттарын сатумен айналысқан
АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында тұрғындардан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.
Сексеуіл ауылында полиция қызметкерлері жойылып кету қаупі бар жануарлардың дериваттарын сатумен айналысқан тұрғындарды ұстады.
"Олардан жалпы салмағы 400 келі болатын 2 038 киік мүйізі, электронды таразылар және екі автокөлік тәркіленді", - дейді ведомство.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2023
Қоғам
Депутат үкіметке: дәл қазір киікті қорғаймыз ба, әлде киіктен адамды қорғаймыз ба?
Жаңалықтар
0