https://sputnik.kz/20250423/turkistan-oblysynda-zansyz-kiik-atqan-tort-adam-3-zhyl-6-ayga-bas-bostandygynan-ayyryldy-52761685.html
Түркістан облысында заңсыз киік атқан төрт адам бас бостандығынан айырылды
Түркістан облысында заңсыз киік атқан төрт адам бас бостандығынан айырылды
Sputnik Қазақстан
Браконьерлер мемлекетке 143 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірді 23.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-23T12:46+0500
2025-04-23T12:46+0500
2025-04-23T12:48+0500
сот үкімі
браконьер
https://sputnik.kz/img/old/845/73/8457361_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_44106a913b3be93715faa597c23e58c2.jpg
АСТАНА, 23 сәуір - Sputnik. Түркістан облысында заңсыз киік атқан азаматтарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды жоғарғы соттың баспасөз қызметі.Түркістан облысының төрт тұрғыны жоғалған жылқыларды іздеу үшін Ұлытау облысына баруға өзара келіседі. Олар өздерімен бірге аңшы мылтықтарын алып жолға шыққан. Жылқыларды таба алмаған олар, жолшыбай киік атқан. Браконьерлер сирек кездесетін және жойылу қаупі төнген 15 киікті атып өлтірілген. Айыпталушылар заңсыз аулау арқылы мемлекетке ірі көлемде зиян келтірген, сондай-ақ киіктерді заңсыз жою және тасымалдау бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, оларға 5 жыл мерзімге аңшылықпен айналысуға тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250328/bul-tabigi-zhagday-ministrlik-kiik-olekselerine-qatysty-tusinikteme-berdi-52000502.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/845/73/8457361_244:0:2844:1950_1920x0_80_0_0_50a664a47eb8d44c43c054b79ef2b52c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот үкімі, браконьер
Түркістан облысында заңсыз киік атқан төрт адам бас бостандығынан айырылды
12:46 23.04.2025 (жаңартылды: 12:48 23.04.2025) Браконьерлер мемлекетке 143 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірді
АСТАНА, 23 сәуір - Sputnik. Түркістан облысында заңсыз киік атқан азаматтарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Түркістан облысының төрт тұрғыны жоғалған жылқыларды іздеу үшін Ұлытау облысына баруға өзара келіседі. Олар өздерімен бірге аңшы мылтықтарын алып жолға шыққан. Жылқыларды таба алмаған олар, жолшыбай киік атқан. Браконьерлер сирек кездесетін және жойылу қаупі төнген 15 киікті атып өлтірілген.
"Олар аулаған жануарлардың мүйіздерін алып, етін көлікке тиеген. Жедел іздестіру шарасы барысында браконьерлерді "Охотзоопром" қызметкерлері ұстайды. Браконьерлер мемлекетке 143 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілді. Сот талқылауы барысында сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, келтірілген залалды толық көлемде өтеді", - делінген хабарламада.
Айыпталушылар заңсыз аулау арқылы мемлекетке ірі көлемде зиян келтірген, сондай-ақ киіктерді заңсыз жою және тасымалдау бойынша кінәлі деп танылды.
Олардың әрқайсысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, оларға 5 жыл мерзімге аңшылықпен айналысуға тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.