АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Рим Папасының қайтыс болуына байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды, деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі.
Оның нақты қай күні келетіні әзірге белгісіз. Италия премьер-министрінің Қазақстанға сапары осымен екінші рет кейінге шегерілді. Мелони сапарын алғаш рет Италиядағы су тасқынына байланысты тоқтатқан болатын.
"Италиялық тараптың өтініші бойынша премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары және бірінші Орталық Азия-Италия саммиті кейінге шегерілді", - деді Руслан Желдібай.
Мелонидің сапары 26-27 сәуір күндері Астанада өтеді деп жоспарланған еді. Ал 27-сәуір күні Бірінші Орталық Азия – Италия саммиті Қазақстанның астанасында өтеді деп белгіленген болатын.
Рим Папасы 21 сәуірде қайтыс болды, Ватикан өлімнің себебін инсульт деді.
Рим Папасы 21 сәуірде қайтыс болды, Ватикан өлімнің себебін инсульт деді.