Италия премьері Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды

© Пресс-служба президента КазахстанаИталия премьері Рим Папасының қазасына байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды
Италия премьері Рим Папасының қазасына байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2025
Жазылу
Ол Қазақстанға 26-27 сәуір күндері келу керек болатын

АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Рим Папасының қайтыс болуына байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды, деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі.
Оның нақты қай күні келетіні әзірге белгісіз. Италия премьер-министрінің Қазақстанға сапары осымен екінші рет кейінге шегерілді. Мелони сапарын алғаш рет Италиядағы су тасқынына байланысты тоқтатқан болатын.

"Италиялық тараптың өтініші бойынша премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары және бірінші Орталық Азия-Италия саммиті кейінге шегерілді", - деді Руслан Желдібай.

Мелонидің сапары 26-27 сәуір күндері Астанада өтеді деп жоспарланған еді. Ал 27-сәуір күні Бірінші Орталық Азия – Италия саммиті Қазақстанның астанасында өтеді деп белгіленген болатын.
Рим Папасы 21 сәуірде қайтыс болды, Ватикан өлімнің себебін инсульт деді.
Папа Римский Франциск - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Рим Папасы Франциск дүниеден өтті
Жаңалықтар
0