Рим Папасы Франциск дүниеден өтті

© Sputnik / Влада ВодневаПапа Римский Франциск
Папа Римский Франциск - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Жазылу
Ол тарихтағы Латын Америкасынан шыққан алғашқы Рим Папасы ретінде белгілі
АСТАНА, 21 сәуір - Sputnik. Рим Папасы Франциск 89 жасқа қараған шағындақайтыс болды, деп хабарлайды Риа Новости.

Рим Папасы Франциск жайлы не білеміз

Ол 1936 жылы 17 желтоқсанда Буэнос-Айресте (Аргентина) италиялық эмигранттар отбасында дүниеге келген.
2013 жылдың 11 ақпанында XVI Рим Папасы Бенедикт 2013 жылдың 28 ақпанында отставкасын жариялады.
2013 жылы 13 наурызда Римдегі Әулие Петр Соборында Буэнос-Айрес архиепископы Хорхе Марио Бергольо Франциск есімімен Рим Папасы болып сайланды.

Франциск Папа тарихындағы тұңғыш латынамерикалық понтифик болды.
Аргентинада дүниеге келген Франциск кедейшілікпен күрес, экологиялық жауапкершілік, дінаралық диалог пен әлеуметтік әділеттілік мәселелеріне ерекше мән бергенімен танымал болды.
Оның понтификаты католик шіркеуінің заманауи өзгерістерге ашықтығы мен әлеуметтік әділеттілікке бағытталған қадамдарымен есте қалды.
Сонымен қатар ол шіркеудің қызметіндегі қарапайымдылықты насихаттап, өз өмір салтымен де үлгі бола білді.
2025 жылдың 14 ақпанында 88 жастағы понтифик бронхит диагнозымен ауруханаға түскен еді. Бірақ біраз уақыттан кейін тексеру екі жақты пневмония екенін анықтады. Уақыт өте келе Рим Папасының жағдайы жақсарды, бірақ денсаулығы қайта сыр берді.

Айта кетейік, Рим папасы 2022 жылы қыркүйекте Қазақстанға келген болатын.
Касым-Жомарт Токаев встретил Папу Римского в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2022
Президент Рим Папасы Францискті елорда әуежайында өзі қарсы алды
Жаңалықтар
0