АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Ералиев ауылдық округіндегі шаруа қожалығы ерте шыққан қырыққабаттың алғашқы партиясын Ресейге экспорттады, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Шаруа қожалығы басшысының айтуынша, ерте пісетін "Магнус" қырыққабатының тұқымы ақпан айының соңында егілген. Жақында алғашқы партия Ресейдің Пермь қаласына жөнелтілді.
Фермер жақын арада "Зарисма" сортты қырыққабаттың өнімін алуды күтуде және "Аэропорт" сортты қауын егуді жоспарлап отыр.
Жалпы Жетісай ауданында ерте пісетін қырыққабат 1158 гектар жерге егілген, оның 893 гектарына су үнемдеу технологиясы қолданылады.
Болжам бойынша, өнім көлемі 50 мың тоннаға дейін жетеді. Оның басым бөлігі Ресей, Беларусь және Еуропа елдеріне экспортталады.