Түркістандық диқандар Ресейге қырыққабаттың алғашқы партиясын экспорттады

© Photo : ауыл шаруашылығы министрлігіТүркістандық диқандар Ресейге қырыққабаттың алғашқы партиясын экспорттады
Түркістандық диқандар Ресейге қырыққабаттың алғашқы партиясын экспорттады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Жазылу
Жетісай ауданында ерте пісетін қырыққабат 1158 гектар жерге егілген
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Ералиев ауылдық округіндегі шаруа қожалығы ерте шыққан қырыққабаттың алғашқы партиясын Ресейге экспорттады, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіҚырыққабат жинау
қырыққабат - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Қырыққабат жинау
Шаруа қожалығы басшысының айтуынша, ерте пісетін "Магнус" қырыққабатының тұқымы ақпан айының соңында егілген. Жақында алғашқы партия Ресейдің Пермь қаласына жөнелтілді.
Фермер жақын арада "Зарисма" сортты қырыққабаттың өнімін алуды күтуде және "Аэропорт" сортты қауын егуді жоспарлап отыр.
Жалпы Жетісай ауданында ерте пісетін қырыққабат 1158 гектар жерге егілген, оның 893 гектарына су үнемдеу технологиясы қолданылады.
Болжам бойынша, өнім көлемі 50 мың тоннаға дейін жетеді. Оның басым бөлігі Ресей, Беларусь және Еуропа елдеріне экспортталады.
Сушка зерна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Қазақстан шетелге қанша тонна астық экспорттады
Жаңалықтар
0