Шерзат Полаттың үйін өртегендерді спутник арқылы іздейді

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліпжатыр
Sputnik
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Полаттың үйін өрттеу бойынша тергеу шаралары не себепті ұзарып кеткенін түсіндірді.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар да жасалды.
"Осы сараптамалар бойынша белгілі бір нәтижелер бар. Бірақ жұмыс уақытша тоқтатылып тұр. Себебі Ресейге халықаралық тергеу тапсырмасы жіберілді. Спутник арқылы сол кезде үйдің жанында қандай көлікте тұрғанын көргіміз келіп тұр. Соған тағы уақыт қажет болады", - деді Қойгелдиев сенаттағы брифингте.
Айта кетері, былтыр 12 қазанда түнде белгісіз біреулер марқұм Шерзат Полаттың үйін өрттеп жіберді. Ал туыстары Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Шерзат Полат өлімі: сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі