Мыңдаған қазақстандық халықаралық іздеуде жүр - Бас прокуратура

Олардың жүрген жерін анықтаған бойда экстрадиция шаралары қолға алынады
Sputnik
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Бас прокуратура іздеуде жүрген қазақстандықтардың санын жариялады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, мыңнан астам қазақстандық мемлекетаралық іздеуде жүр.

"Қазіргі кезде бізде шамамен 1 500 адам мемлекетаралық іздеуде жүр. Олар бойынша тынымсыз жұмыс атқарылып жатыр. Интерпол арқылы олардың жүрген жерін анықтаған бойда экстрадиция шаралары қолға алынады. Экстрадиция да оңай шаруа емес, оған да белгілі бір уақыт кетеді", - деді Қойгелдиев сенатта өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, экстрадиция шараларына бюджеттен ақша бөлінеді. Бірақ артынан сотталған адамның есебінен өтеледі.
Айта кетері, соңғы рет мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы - Арғын Нығматулинге іздеу жариялаған болатын. Одан бөлек, LRT-ның экс-басшысы Талғат Ардан мен әкімнің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков ұсталмай жүр. Оларға да Интерпол арқылы іздеу жарияланған болатын.
ЛРТ-ны неше адам салып жатыр - министр құрылыстың барысын баяндады