LRT-ның бұрынғы басшысы неге ұсталмай жатыр – Шындалиев жауап берді

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстана LRT
Астана LRT - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
Жазылу
Айтуынша іздеуде жүрген адамды экстрадициялау үшін Интерпол оның жүрген жерін білуі керек
АСТАНА, 6 наурыз– Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев LRT ісі бойынша шетелге жасырынып жүрген екі басшының неге ұсталмай жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін сот LRT-ның экс-басшысы Талғат Ардан мен әкімнің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековты 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Бірақ екеуі де шетелде жасырынып жүр.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, өзіміздің құқық қорғаушыларымыз ішкі іздеу шараларын өткізеді. Ал халықаралық іздеуге Интерпол жауапты.
"Біз Интерполға тапсырыс береміз де, олар ары қарай айналысады. Ал іздеуде жүрген адамды экстрадициялау үшін Интерпол оның нақты жүрген жерін білуі керек. Сосын ол мемлекетпен бірлесіп, ұстау шаралары атқарылады. Осыдан кейін ғана біз экстрадициялық ұстап беруге тапсырыс бере аламыз. Әзірше, Интерпол тарапынан ол адамдардың нақты орналасқан жерін анықтадық деген ақпарат түскен жоқ", - деді Шындалиев сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, тергеу шаралары кезінде Талғат Ардан Түркияда жасырынып жүр деген ақпарат болды. Антикор оны шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады.
В Астане в рамках реализации проекта линии LRT проводятся работы по устройству монолитной железобетонной балки вдоль улицы Сыганак - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2024
Іздеуде жүрген LRT экс-басшысына қатысты жаңа үкім шықты
Жаңалықтар
0