https://sputnik.kz/20241111/izdeude-zhurgen-lrt-eks-basshysy-qatysty-zhana-ukim-shyqty-48447023.html
Іздеуде жүрген LRT экс-басшысына қатысты жаңа үкім шықты
Іздеуде жүрген LRT экс-басшысына қатысты жаңа үкім шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Іздеу жарияланған LRT экс-басшысы Талғат Ардан тағы да сырттай сотталды. 11.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-11T20:05+0500
2024-11-11T20:05+0500
2024-11-12T12:12+0500
сыбайлас жемқорлық
астана lrt
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38023114_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_eaaf374f89271160635a782dde8b316f.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Іздеу жарияланған LRT экс-басшысы Талғат Ардан тағы да сырттай сотталды.Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарлауынша, үкім сотталушыға қатысты халықаралық іздестіру жарияланғандықтан оның қатысуынсыз сырттай шығарылды.Сот мәліметінше, LRT экс-басшысы Талғат Ардан қызмет мүдделеріне қайшы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, нақты қажеттіліксіз LRT құрылыс жобасы бойынша Қытайдың мемлекеттік даму сыртқы қарыздың бірінші траншы ретінде 257,6 млн АҚШ долларын заңсыз сұратқан. Қаражат түскен сәттен бастап олар жоба бойынша пайдаланылмаған деген айып тағылған.Ардан бұрын Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 03.05.2023 жылғы үкімімен аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін сырттай мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.Айта кетері, 2023 жылдың мамырында Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT ісіне қатысы бар 9 адам сотталған еді. Сол кезде Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім шығарылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
https://sputnik.kz/20231128/lrt-ny-neshe-adam-salyp-zhatyr---ministr-qurylystyn-barysyn-bayandady-40481383.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38023114_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_3c4f3d68830ce7c1897f0f2571200634.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық, астана lrt
сыбайлас жемқорлық, астана lrt
Іздеуде жүрген LRT экс-басшысына қатысты жаңа үкім шықты
20:05 11.11.2024 (жаңартылды: 12:12 12.11.2024) АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Іздеу жарияланған LRT экс-басшысы Талғат Ардан тағы да сырттай сотталды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарлауынша, үкім сотталушыға қатысты халықаралық іздестіру жарияланғандықтан оның қатысуынсыз сырттай шығарылды.
Сот мәліметінше, LRT экс-басшысы Талғат Ардан қызмет мүдделеріне қайшы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, нақты қажеттіліксіз LRT құрылыс жобасы бойынша Қытайдың мемлекеттік даму сыртқы қарыздың бірінші траншы ретінде 257,6 млн АҚШ долларын заңсыз сұратқан. Қаражат түскен сәттен бастап олар жоба бойынша пайдаланылмаған деген айып тағылған.
Ардан бұрын Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 03.05.2023 жылғы үкімімен аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін сырттай мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сарапшылар мен мамандардың қорытындыларымен, қылмыстық істің материалдарымен расталды. Сот үкімімен А. ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды және ҚК 58-бабының 6-бөлігі қолданылып, соттың 03.05.2023 жылғы үкімі бойынша тағайындалған жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, 2023 жылдың мамырында Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT ісіне қатысы бар 9 адам
сотталған еді. Сол кезде Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім шығарылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.