ЛРТ-ны неше адам салып жатыр - министр құрылыстың барысын баяндады

В Астане в рамках реализации проекта линии LRT проводятся работы по устройству монолитной железобетонной балки вдоль улицы Сыганак
В Астане в рамках реализации проекта линии LRT проводятся работы по устройству монолитной железобетонной балки вдоль улицы Сыганак - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2023
Жазылу
Министрдің айтуынша, келесі жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға тағы 45 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев Астанадағы ЛРТ-ның құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл ЛРТ-ның құрылысына тағы 52 миллиард теңге бөлінген болатын. Осы ақшаға бағаналарды орнатты. Бүгінде осы жұмыс 96 процентке аяқталды.
“Жалпы, тіректердің өзін орнату жұмысы шамамен 86 процентке орындалды. Ал конструкциялар 82 процентке жиналды. Бұл - биыл атқарылған шаралар ”,- деді Қарабаев үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, келесі жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруға тағы 45 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.
“Қазіргі кезде құрылыс алаңында 1,5 мың адам жұмыс істеп жатыр. Егер жұмыс көлемі көбейсе, ал команда құрылыс жұмыстарын жылдамдатса, онда қосымша бөлінетін қаржыны 150 миллиард теңгеге арттыруды сұраймыз. Бірақ құрылыстың аяқталу уақыты 2025 жылға белгіленіп отыр”, - деп атап көрсетті Қарабаев.
Астана LRT жобасының бағаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2022
ЛРТ құрылысы екі-үш жылда аяқталады – Қасымбек
Жаңалықтар
0