АСТАНА, 1 сәуір - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.
Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.
Тоқаев Словения президентіне Астана халықаралық қаржы орталығын таныстырды
Ресми дерекке сәйкес, қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция көлемі 14,4 мллрд долларды құрайды. Оның ішінде, 7,1 миллиард доллар Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар болса, 7,3 миллиард доллар АХҚО қатысушыларының инвестициялары болып табылады.
Жалпы қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусарға прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО Сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды.