https://sputnik.kz/20250401/toqaev-sloveniya-prezidentine-astana-khalyqaralyq-qarzhy-ortalygyn-tanystyrdy-52109831.html
Тоқаев Словения президентіне Астана халықаралық қаржы орталығын таныстырды
Тоқаев Словения президентіне Астана халықаралық қаржы орталығын таныстырды
Sputnik Қазақстан
Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді 01.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-01T13:14+0500
2025-04-01T13:14+0500
2025-04-01T13:14+0500
ақорда
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/04/01/52108994_0:72:1281:792_1920x0_80_0_0_4df229cede47c1ea0d7e0460d0b882c2.jpg
АСТАНА, 1 сәуір - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.Ресми дерекке сәйкес, қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция көлемі 14,4 мллрд долларды құрайды. Оның ішінде, 7,1 миллиард доллар Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар болса, 7,3 миллиард доллар АХҚО қатысушыларының инвестициялары болып табылады.Жалпы қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусарға прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО Сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды.
https://sputnik.kz/20250331/sloveniya-prezidenti-resmi-saparmen-qazaqstanga-keldi-52068852.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/01/52108994_64:0:1215:863_1920x0_80_0_0_a58efa4027d7a4e24910db42a11265be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақорда, президент
Тоқаев Словения президентіне Астана халықаралық қаржы орталығын таныстырды
Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді
АСТАНА, 1 сәуір - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады
Ақорда.
Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді.
Ресми дерекке сәйкес, қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция көлемі 14,4 мллрд долларды құрайды. Оның ішінде, 7,1 миллиард доллар Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар болса, 7,3 миллиард доллар АХҚО қатысушыларының инвестициялары болып табылады.
Жалпы қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусарға прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО Сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды.