Словения президенті ресми сапармен Қазақстанға келді

© Sputnik / Санат ИмангалиевСловения президенті ресми сапармен Қазақстанға келді
Словения президенті ресми сапармен Қазақстанға келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Жазылу
Словения президентінің сапары 1 сәуірге дейін жалғасады
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Ақордаға келді. Оны кірберістен президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Екі ел президенті алдымен бір-біріне өз делегацияларын таныстырды. Одан кейін құрметті қарауыл сап түзеп, Қазақстан мен Словенияның әнұрандары шырқалды.
Ақордадағы келіссөз кезінде сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланады.
Бүгінде Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді.
"Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Словения президентінің сапары 1 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан-Словения бизнес-форумы да ұйымдастырылады.
Жаңалықтар
0