АСТАНА, 29 наурыз - Sputnik. Астаналық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Astana_news ақпараттық порталы.
Сербияның Врнячка Баня қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем біріншілігінде Астана қаласының №22 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Жауынбай Әлімжан шахматтан әлем чемпионы атанды.
Он бір жасқа дейінгі жас санатында классикалық шахматтан өнер көрсеткен Әлімжан қарсыластарынан озып шықты.
Бұл додада әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең үздік жас шахматшылар бақ сынады.
Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында Әлімжанның туған інісі Алдияр да шахматтан әлем чемпионы атанған.