Елордалық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды

© Sputnik/Эдуард ГалеевШахмат
Шахмат - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2025
Жазылу
Ол Астана қаласының №22 мектеп-гимназиясында 4-сыныпта оқиды
АСТАНА, 29 наурыз - Sputnik. Астаналық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Astana_news ақпараттық порталы.
Сербияның Врнячка Баня қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем біріншілігінде Астана қаласының №22 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Жауынбай Әлімжан шахматтан әлем чемпионы атанды.
Он бір жасқа дейінгі жас санатында классикалық шахматтан өнер көрсеткен Әлімжан қарсыластарынан озып шықты.
Бұл додада әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең үздік жас шахматшылар бақ сынады.
Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында Әлімжанның туған інісі Алдияр да шахматтан әлем чемпионы атанған.
Кирилл Герасименко - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2025
Тоқаев Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атағымен құттықтады
Жаңалықтар
0