Тоқаев Кирилл Герасименконы абсолютті чемпион атағымен құттықтады

Кирилл Герасименко - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Астаналық теннисші Кирилл Герасименко президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны жеңісімен және Қазақстанның абсолютті чемпионы атағына ие болуымен құттықтағанын жеткізді, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Спортшы бұндай жоғары құрметтің алдағы жетістіктерге жігерлендіретінін атап өтіп, жанында болғандарға алғыс айтты.
Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, 2025 жылғы елдің абсолютті чемпионы атанды. Ол барлық бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен болатын.
Нариман Курбанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2025
Нариман Құрбанов Түркиядағы Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Жаңалықтар
0