АСТАНА, 23 наурыз - Sputnik. Ақмола облысына 21 құтқарушы мен 5 бірлік арнайы техника, сондай-ақ 10 бірлік техникасы бар 12 қызметкер аттанды, деп хабарлады ТЖМ.
Атбасардағы су тасқыны
© Photo : Пресс-служба ДЧС Акмолинской области
Олар су тасқынына қарсы жұмыстарға Ақмола облысының құтқарушыларына көмектеседі.
Атбасарда бұрын су басқан № 1 мектептің жанындағы су тасқыны қаупі бар учаскеде инертті материал салынған қапшықтардан бөгет тұрғызылып жатыр.
"Мұнда Алматы облысының Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің қызметкерлері еңбек етуде. 45 адамнан тұратын топ жақында келді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар № 4 мектеп-интернаттың жанында Көкшетаудан келген 30 адамнан тұратын Ақмола облысы ТЖД күштері қорған салуда.
Ал Атбасарда суды қауіпсіз арналарға айдау жұмыстары жүріп жатыр.