"Ел аумағының 71 процентінде қар жатыр": су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Жазылу
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Үкімет отырысында ауа райына байланысты шұғыл мәселе қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Соңғы күндері бірқатар аймақта қар толастамай жатыр. Ал ауа температурасы көтеріліп келеді. Алдағы уақытта су тасқыны қаупі күшейеді.
Экология және табиғи ресурстар миристрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, 11 наурыздағы жағдай бойынша ел аумағының 71 процентінде әлі қар жатыр. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 15 %-ке аз. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр.
"Наурыз және сәуір айлары әдеттегіден жылырақ болады деп болжануда, сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мол болады, бұл көктемнің тез келуіне және су тасқыны қаупінің артуына ықпал етеді", - деді Нысанбаев.
Министрлік қауіптілігі жоғары аймақтарды да анықтады. Олар: Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Абай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Қауіптілігі орташа аймақтар: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары.
Қауіптілігі төмен аймақтар: Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.
Премьер-министр Олжас Бектенов республикалық жедел штабтың жұмысын бастауды тапсырды.
Ауа райы қолайсыздығынан елорда жолдарында 100-ге жуық апат орын алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2025
Ауа райының қолайсыздығынан Астанада 100-ге жуық жол апаты болды
Жаңалықтар
0