Ақмола облысындағы су тасқынымен күресуге өңірлерден құтқарушылар келеді

© Photo : Пресс-служба ДЧС Акмолинской области Ақмола облысындағы су тасқынымен күресуге өңірлерден құтқарушылар келді
Ақмола облысындағы су тасқынымен күресуге өңірлерден құтқарушылар келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2025
Жазылу
Құтқарушылар Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан келеді
АСТАНА, 23 наурыз - Sputnik. Ақмола облысына 21 құтқарушы мен 5 бірлік арнайы техника, сондай-ақ 10 бірлік техникасы бар 12 қызметкер аттанды, деп хабарлады ТЖМ.
© Photo : Пресс-служба ДЧС Акмолинской области Атбасардағы су тасқыны
Паводок в Атбасаре  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2025
Атбасардағы су тасқыны
Олар су тасқынына қарсы жұмыстарға Ақмола облысының құтқарушыларына көмектеседі.
Атбасарда бұрын су басқан № 1 мектептің жанындағы су тасқыны қаупі бар учаскеде инертті материал салынған қапшықтардан бөгет тұрғызылып жатыр.

"Мұнда Алматы облысының Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің қызметкерлері еңбек етуде. 45 адамнан тұратын топ жақында келді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар № 4 мектеп-интернаттың жанында Көкшетаудан келген 30 адамнан тұратын Ақмола облысы ТЖД күштері қорған салуда.
Ал Атбасарда суды қауіпсіз арналарға айдау жұмыстары жүріп жатыр.
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
"Ел аумағының 71 процентінде қар жатыр": су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды
Жаңалықтар
0