Қостанай-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты

Қостанай-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Sputnik
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Астана-Қарағанды ​​учаскесінде жеке жолаушылар пойызынан өрт шықты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы.
22 наурыз күні сағат 11:13-те Астана – Қарағанды-Сортировочная учаскесінде Түрксіб Астана" жеке тасымалдаушысының Қостанай – Алматы бағытындағы №44 жолаушылар пойызынан өрт шықты.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Вагон өзге құрамдардан ажыратылды.
Оқиға орнына Астана станциясынан өрт сөндіру пойызы жөнелтілді. Өртті теміржолшылар мен ТЖД қызметкерлері сөндірді.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Петропавлда ер адамды пойыз қағып кетті